Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинск полицейлері велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады

Шахтинск полицейлері ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті азамат автовокзалда тұрған велосипедті иемденген. 37 жастағы арызданушы кәмелетке толмаған ұлының велосипедпен жүргенін түсіндірді. Жеткіншек оны үнемі автовокзалда қалдырған, содан кейін Қарағандыға автобуспен кетіп, онда спорт секцияларында оқыған.

Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрады 

Күдікті іс әрекетін мойындады. Ұрланған велосипед тәркіленіп, зардап шеккен тарапқа қайтарылды.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру