Астаналық ПД және ҚАЖД басшылары елордадағы колонияларға барды
Астаналық ПД және ҚАЖД басшылары елордадағы колонияларға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің жедел кеңесте берген нұсқауын орындау мақсатында Астана қаласының ҚАЖД бастамасымен полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев пен елордалық ҚАЖД бастығы Дәулет Рақымбеков тергеу изоляторы мен қоныс колониясына барды.
Сапар аясында мекеменің қызметін бақылауды қамтамасыз ететін және бұзушылықтар туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік беретін үздіксіз бейнебақылау жүйесінің жұмысы көрсетілді. Мекемеде тәулік бойы не болып жатқанын тіркейтін екі мыңға жуық бейнекамерадан тұратын бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ қоғамдық қорғаушылардың жұмысына арналған тергеу кабинеттері мен үй-жайлар қаралды.
Сонымен қатар бірқатар мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды, осы мекемелердің қызметін жақсарту бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарланды.