Ақтөбеде стробоскоп шамдарын орнатқан жүргізушіге айыппұл салынды
Ақтөбеде стробоскоп шамдарын орнатқан жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында өз көлігіне стробоскоп шамын орнатқан жүргізуші анықталды.
Стробоскоп шамдарын өздігінен орнату жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады.
Патрульдік полиция қызметкерлері аталған жүргізушіні анықтап, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
– Стробоскоп шамдары бар көлік құралдарын басқару Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 603-бабында көзделгендей әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.Тыйым салатын сигналдық және дыбыстық құрылғысы заңды тәркіленіп, жеке тұлғалар үшін 15 АЕК және одан жоғары және ірі кәсіпорындар үшін 2000 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады, – деп атап өтті патрульдік полиция батальонының командирі Аслан Есентаев.