Елорда полицейлері радиатор ұрысын анықтады
Елорда полицейлері радиаторлар ұрлаған ұрыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоймадан жылу радиаторларының жоғалғаны туралы полицияға 24 жастағы азамат хабарлады.
Жедел қызметкерлер ұрланған мүліктің қоймада болғанын анықтады. Қаскүнем үй-жайға заңсыз кіріп, жасырын түрде радиаторларды ұрлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 15 дана пеш радиаторларын жасырын ұрлап кеткен 38 жастағы ер адамды анықтады. Осылайша жәбірленушіге жарты миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірілді.
Ер адам ұрланған радиаторларды сатып алушыларға сатқысы келгенін мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы ұйғарым түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.