Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейі жәдел уәкілдің қызметі жайлы айтып берді

Атырау полицейі жәдел уәкілдің қызметі жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полициядағы жедел уәкілдердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық пен қылмыстың жолын кесу бағытындағы жұмыстар атқарылып жатыр. Республика көлемінде тәртіп сақшылары арасында байқау өтеді. Атырау облысының атынан осы байқауда Бұзақылық және зорлауды ашу тобының аға жедел уәкілі Бағытжан Нұриденов бақ сынамақ. Ол ІІО-да 13 жылдан бері қызмет атқарады.

– Қызметтің жауапкершілігі мен жан-жақтылығы сенің елің мен жеріңе деген жанашырлығыңмен өлшенеді дер едім. Криминалдық полиция қылмыстың сан-алуан түрімен бетпе-бет келетін, түрлі қылмысқа күдікті тұлғаның жолын кесетін және сол жолда өзіне төнген қауіп-қатерге де тойтарыс бере алатын жедел уәкілдердің құрылымы. Жұмыс барысында адам өлтірген, қатігездікпен біреуге жапа шектірген күдіктілердің ізін суытпай ұстау, қылмыскерлердің ізін кесу – қырағылық пен кәсібиліктен бөлек жұмысыңның басты күресі қылмыс екенін жаныңмен сезіне білу. Заң мен қоғамның біртұтас екенін және сол тұтасқан ортада азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі әрбіріміздің ортақ құндылығымыз. Жедел уәкілдер үшін қажетті қасиеттерді оқу-жаттығу, тәжірибеден бөлек тұлғалық даму жолы арқылы қалыптастыруды қолға алғанмын. Спорттың бір түрімен емес бірнеше түрімен еркін айналысуға жаттыққанды дұрыс деп есептеймін. Себебі криминалдық полиция құрылымдары – әр түрлі тұтқиылды сәттермен бетпе-бет келетін, жедел әрекет пен тез шешім қабылдаудың айқын көрінісі. Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын, осы істің басы-қасында жүргенімді өзіме мәртебе санаймын,- дейді Бұзақылық және зорлауды ашу тобының аға жедел уәкілі Бағытжан Нұриденов.

Ел үшін еткен еңбек өлшеусіз және әрбір азаматтың перзенттік борышы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру