Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері нашақорлық пен алаяқтықтың алдын алу бойынша 1200 студентпен кездесу өткізді

Түркістан облысының полицейлері нашақорлық пен алаяқтықтың алдын алу бойынша 1200 студентпен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастар арасында нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу, сондай-ақ жастарды спортқа баулу мақсатында Кентау қаласының полицейлері студенттермен кездесу өткізді. Іс-шараға Кентау қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Сәрсенқұлов, мектеп ұжымы мен студенттер қатысты.

Кездесуде жастардың өмір салты, елдегі нашақорлықтың алдын алу және статистикалық көрсеткіштер талқыланды. Сондай-ақ есірткі мен жасөспірімдер қылмысы мәселелері, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың қалыптасуына ықпал ететін факторлар айтылды.

Спикерлер жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және бос уақытын пайдалы істерге арнауға шақырды.

Соңында студенттерге нашақорлық пен интернет-алаяқтықтың салдары туралы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ нашақорлық пен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша мыңнан астам брошюралар таратылды.

Жыл басынан бері барлығы 1200-ге жуық жас профилактикалық іс-шаралармен және дәрістермен қамтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру