Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандар “Қайсар” футбол клубымен жолдастық кездесу өткізді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында спорттық  шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық шараға Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен “Қайсар” футбол клубының өкілдері және кәсіпқой футболшылар қатысты. Кәсіпқой футболшылар жазасын өтеушілермен жолдастық кездесу өткізді. Шараның мақсаты – жазасын өтеушілерді қолдау, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, ортаға бейімдеу және саламатты өмір салтын насихаттау.

Футболшылар алдымен әңгіме өрбітіп, жарыстарға, чемпионаттағы ойындарға қалай дайындалатынын айтып, спорттың қоғамдағы рөлін жеткізді. Ойын шарты бойынша  2 кезең өткізілді. Жазасын өтеушілер де осал қарсылас еместігін көрсетті.

Ойын нәтижесімен кәсіпқой футболшылар 1-орын иеленсе, 2 және 3-орынды жазасын өтеушілерден құралған “Орда” ,”Намыс” командалары өзара бөлісті.

Жеңімпаз командалар Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының дипломдарымен марапатталды.

– Бүгінгі  кәсіпқой ойыншылармен ойын тартысты өтті. Бала күнімнен допты жаныма серік еткенімнің арқасында 2-орын иелендік. Кәсіпқой футболшылармен кездесіп, футболдың қыр-сырын меңгердік десек те болады. Осы шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғысымыз шексіз, – деді сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру