Ақтөбе облысында ардагерлер жас сақшыларға ақыл-кеңес айтты
Ақтөбе облысы ПД Ардагерлер кеңсінде үш мыңға жуық ІІМ ардагері бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аға буын өкілдері – жас мамандар үшін мол тәжірибе мен тағылым институты.
Ақтөбе облысының полиция департаментінде ұрпақтар сабақтастығына ерекше ден қойылады. Салада мол тәжірибеге ие ішкі істер органдарының ардагерлері өздерінің кәсіби тағылымын жас полицейлермен жиі бөлісіп, олардың қызметке жылдам бейімделуіне, адамгершілік пен кәсібилік қағидаттарын сіңіруіне ықпал етіп келеді.
– Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық полиция департаментінің Ардагерлер кеңесінде үш мыңға жуық ІІМ ардагері бар. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында, әрбір ауданда ардагерлер және тәлімгерлер кеңестері жұмыс жасайды. Олардың ішінде танымал спортшылар, депутаттар мен ұстаздар, облыстың құрметті азаматтары бар. Біздің ардагерлеріміз тәлімгерлік жұмыстармен қатар, тұрақты түрде мәдени-спорттық, патриоттық, қайырымдылық, танымдық шараларды да өткізіп, қызметкерлер мен ІІМ ардагерлерін, олардың отбасын, оның ішінде қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан батырларымыздың отбасын әлеуметтік қорғау шараларын да атқарады, – дейді ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Даулеталин.
Ел тыныштығын күзетіп жерген полиция қызметкерлері ІІО саласында ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет еткен алдыңғы толқын ағалар мен тәлімгерлер қолдауы мен құнды кеңестерін қашан да жоғары бағалап, әрдайым құрметтейді.