Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер қазыналы қарттарды мерекемен құттықтады

Қызылорда облысында полицейлер қазыналы қарттарды мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мәулен Өсер бастаған қызметкерлер тобы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Нұржанов Болатбек ақсақалмен бірге бір топ қарт ардагерлерді құттықтап, құрмет көрсетті.

Атап айтқанда ҚР ІІМ-нің құрметті ардагері, Жалағаш ауданының азаматы, “Жеке ерлігі үшін” орденінің иегері Ержанов Базарбай, ІІО-ның ардагері, 83 жастағы ақсақал Аманов Нұғыман, ІІО-ның ардагері Күнтуаров Өтеген және кезінде АІІБ-де техникалық қызметкер болып еңбек еткен қарт аналар 85 жастағы Илиясова Торы мен Шәмшиева Нәзира апайлардың үйлеріне барып құттықтап, оларға сый-сияпат жасады.

Өз кезегінде ардагерлер “Өркендерің өссін, бақытты болыңдар, елдің алғысына бөленіп, қызметте абыройлы болыңдар!” деп баталарын беріп, үлкендік жолымен алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру