Ақтөбе облыстық ҚАЖД-да есептегі сотталғандар арасында шахматтан сайыс өтті
Ақтөбе облыстық ҚАЖД-да есептегі сотталғандар арасында шахматтан сайыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қазан қарттар күніне орай зейнеткерлер мен жастар арасында сайыс өтті. Шараны Хромтау аудандық жастар орталығы көрсету ұйымдастырды. Шараға пробация есебінде тұрған 14-35 жас аралығындағы 5 сотталған қатысты.
Тартысты өткен ойында өзінің логикасымен, жылдам ойлауымен ерекшеленген А. есімді жазасын өтеуші жүлделі ІІ орынға ие болып, марапаттаумен сыйлықтарға ие болды.
– Біз қарттарымыздың дамып, әрқашан белсенді болғандарын қалаймыз. Алдағы уақытта тағы бірнеше іс-шара ұйымдастыратын боламыз. Сайысқа бірден келісіп, салауатты өмір салтын ұстанатын қарттарымыз барына қуаныштымыз, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.