Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қарттарды ұлықтады

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қарттарды ұлықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыОрталықөңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қарттар күнінде әскери бөлім ардагерлерін құттықтады.

Ұландықтар ардагерлердің үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады.

Ардагерлербіздің қазынамыз. Олардың өскелең ұрпаққа берері көп. Осындай айтулы мереке аясында біз де ардагерлерімізді ардақтау мақсатында арнайы сыйымызды табыстап, мерекемен құттықтап қайттық, – деді 6505 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығы Александр Бондаренко.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру