Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтықпен тұрғындардың телефондарын жымқырған шымкенттік ұсталды

Алаяқтықпен тұрғындардың телефондарын жымқырған шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Ол тамақтану орталығында бейтаныс азамат ұлынан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, белгісіз бағытта «ізін суытқанын» хабарлады. Кейін осыған ұқсас арызбен тағы бір азамат полицияға жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеге жуық екені анықталды.

Полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысы бар 20 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол смартфондарды ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болды.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде, оның басқа да осыған ұқсас жайттарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Құқық қорғаушылар тұрғындарды өздерінің жеке заттарына мұқият болуға шақырады. Егер сіз қандай да бір құқық бұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру