Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 245 келіге жуық бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді

Атырауда 245 келіге жуық бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бекіре және басқа да балық түрлерін заңсыз аулаудың жолын кесу, олардың айналымын анықтау мақсатында 10 қыркүйекте Жайық-Каспий бассейні аумағында жыл сайынғы “Бекіре-2024” жедел профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңі басталды.

Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Ақтөбе – Астрахань тас жолының 620 шақырымы тұсында күдік тудырған екі автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктердің салонынан салмағы барлығы 242 келі болатын бекіре тұқымдас балық өнімдерін тәркіледі.

Екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазіргі таңда Жайық-Каспий бассейнінде қылмыстық іс әрекеттерді болдырмау және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету шаралары әрі қарай бөлім қызметкерлерімен жалғастырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру