Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді ұстады

Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының түкпір-түкпіріне түрлі елдерден келген алты және көршілес мемлекеттерден келген бір шетелдік анықталды. Олар жеке құрылыс алаңында, мейрамхана мен көлік жуу орнында заңсыз жұмыс істеген.

– Шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Олар ПД-ның қабылдап-таратуына орнатылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылатын болады. Естеріңізге сала кетейік, осы күндері Алматыда жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қонның және басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесуге бағытталған “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру