Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы терезесін қараңғылап алған көлік жүргізушілерін анықтап жатыр

Алматы полициясы терезесін қараңғылап алған көлік жүргізушілерін анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жергілікті іс-шара өткізіліп жатыр. Қалада жүргізілген рейдтің бірінші күні 50-ден астам көліктің пленкасы алынды. Тыйым салынған затты пайдаланған жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Жол қауіпсіздігіне қатысты заңнамалық талаптарды сақтамау – қайтымсыз салдары бар апаттарға әкелуі әбден мүмкін. «Жол – қателікті кешірмейді» аксиомасы әсіресе жол қозғалысы ережесін елемейтін азаматтар үшін өзекті. Жол қозғалысына бейқам қатысушыларды анықтау мақсатында полицейлер тұрақты түрде жергілікті жерлерде рейдтер мен мақсатты іс-шаралар өткізеді. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесуге, оның ішінде әйнектерін қараңғылаған көліктерді анықтауға ерекше назар аударылады. Тәртіп бұзушы құқық бұзушылықты дереу жоюға міндетті, оның үстінен хаттама толтырылады, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру