Ақмолада полиция жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды
Ақмолада полиция жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында мектепке кетіп, жоғалып кеткен бала іздестірілді.
Жоғалған жасөспірімді полицейлер тауып, туыстарына тапсырды.
Ақмола облысының полиция департаментіне Қосшы қаласының тұрғынынан 7 қазанда хабар-ошарсыз кеткен 13 жастағы кәмелетке толмаған баланы іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш түсті.
Баланың әкесінің айтуынша, ол үйден мектеп бағытында шыққан, алайда ол оқу орнына жетпеген.
Дабыл сигналы бойынша полиция бөлімінің барлық жеке құрамы көтерілді. Тәртіп сақшылары оқушының достары мен сыныптастарымен, сондай-ақ кез-келген ақпаратқа ие бола алатын куәгерлермен сұхбаттасып, іргелес аумақтарды мұқият зерттеді.
Полицейлер қараусыз қалған жеке үйлерді, ғимараттарды, жертөлелерді, шатырларды тексерді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жасөспірімді полиция қызметкерлері өтініш берушінің ауласындағы жазғы үйінен тапты.
Аялдамасынан байқамай өтіп кеткен бала сабаққа кешігіп, мектепке барудан қорқып, үйіне оралған. Кейінірек жасөспірім қазіргі уақытта қолданылмайтын жазғы уақытша үйде ұйықтап қалған.