Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тұрғынның велосипедін қолды қылған курьер анықталды

Астанада тұрғынның велосипедін қолды қылған курьер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері велосипед ұрлауға қатысы бар 22 жастағы курьерді анықтады. 

Полиция басқармасына қала тұрғыны жүгініп, түнгі уақытта тұрғын үйдің кіреберісінен Трикс велосипеді ұрланғанын хабарлады. Жәбірленуші темір тұлпарының ұрланғаны 600 мың теңге көлемінде шығын келтірді деп бағалады.

Тергеу барысында полицейлер жас жігіттің курьер болып жұмыс істейтінін және ұрланған велосипедті жеке мақсаттары мен жұмысында қолданбақшы болғанын анықтады.

Полиция қызметкерлері кіреберістегі камераның бейнежазбасын алып, сол арқылы күдіктіні анықтады.    

Жігіт мойындау көрсетпелерін берді, ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.   

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына велосипед жақтауларын таңбалау және айрықша белгілер салу сияқты қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды, велосипедтерді кіреберістерде, дүкендердің жанында және қала саябақтарында қараусыз қалдырмауды, сенімді  велоқұлыптарды пайдалануды ұсынады.

Елордада “Smart bike” электрондық базасы құрылды, онда велосипед иесі, тұрғылықты мекенжайы және телефон, сондай-ақ оның сериялық нөмірі мен сыртқы айрықша белгілері туралы мәліметтер енгізіледі. Сіз өзіңіздің велосипедіңізді “Smart Astana” және “e-Knot” мобильді қосымшаларында тіркей аласыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру