Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ПД бастығының орынбасары ІІО-ның болашақ қызметкерлерімен кездесті

Қызылорда облыстық ПД бастығының орынбасары ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров үміткерлермен кездесті.

Қызылорда облысы бойынша 35 жастан аспаған, қойылатын біліктілік талапқа сәйкес келетін және полицияда қызмет етуге жарамды деп танылған 55 үміткер қажетті нормативтерді тиісті түрде тапсырды. Ендігі кезекте олар Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына 2 ай мерзімге оқуға жіберіледі.

Алғашқы кәсіби даярлық курсын бітірген соң оларға полиция лейтенанты арнайы атағы беріледі.

Кездесу барысында полиция Оралбек Омаров қызмет атқарудың ерекшеліктері, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы жөнінде үміткерлерге толыққанды ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

– Ішкі істер саласы өте қиын әрі қауіпті сала. Мұнда қызмет ету үшін шыдамдылық пен төзім, үлкен жауапкершілік қажет. Бойымызда Отанға деген сүйіспеншілік жалындап тұру керек. Сондықтан сіздерді нағыз ел қорғайтын жастар деп сенеміз. Болашақ сіздердің қолдарыңызда, – деді О.Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру