Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны учаскелік полицейге алғысын білдірді

Ақмола облысының тұрғыны учаскелік полицейге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарт әйел Көкшетау қаласының учаскелік полицейіне алғысын білдірді. Көкшетау қаласы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Ержан Ерғасбекұлы бір жылдан бері №9 қабылдау пунктінде учаскелік полиция қызметкері болып жұмыс істейді. Осы қысқа мерзімде ол өз учаскесіндегі адамдардың жүрегіне жол таба алды.

– Азаматтар маған әртүрлі сұрақтар мен мәселелермен келеді. Электр қуаты өшіп қалса да, жолдағы шұңқырлар бойынша да, су жоқ кезде де. Олар кез-келген жағдайда жүгінеді. Мен ешқашан коммуналдық қызмет біздің қызмет саласына кірмейді деп бас тартпаймын. Әкімдікпен байланысып, оларды хабардар етемін. Мен адамдарға жергілікті атқарушы органдарға бармай-ақ сұрақтарды оңай шешу амалдарымен бөлісемін. Мүмкіндігінше мен кез-келген күнделікті мәселелер бойынша көмектесуге тырысамын. Өйткені, осылайша ғана азаматтардың менің жұмысыма деген сенімі пайда болады. Мен тұрғындарға көмектессем, олардың да бір күні полицияға көмегі тиетіндігіне сенемін, – дейді учаскелік полиция қызметкері.

Мысалы, учаскелік полиция қызметкері зейнеткерге ақшасын қайтаруға көмектесті. Бір-екі күн бұрын оған қарт әйел көмек сұрап жүгінген. Ол әйел курьерлік қызметке жүгініп, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденген жосықсыз адамның құрбаны болды.

Ержан Ерғасбекұлының жедел іс-қимылының арқасында қаражаты зардап шеккенге қайтарылды. Ризашылық білдірген әйел өз кезегінде Көкшетау қаласы ПБ ведомстволық әлеуметтік парақшасына алғыс сөздерін жазды.

– Учаскелік полицей Ержан Ерғасбекұлына көрсетілген көмек, адамның мейірімділігі, адамдарға бей-жай қарамағаны үшін алғыс білдіремін. Сізге мықты денсаулық және мансап сатысында биік жетістіктерге жетіңіз. Мұндай қызметкерлер көп болсын. Құрметпен, Бейбітшілік мөлтек ауданында тұратын зейнеткер, – деп жазды әйел.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру