Жезқазғанда полиция тұрғынның көлігін ұрлап кеткен күдіктіні ұстады
Жезқазғанда полиция тұрғынның көлігін ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қазанда Жезқазған қаласының 43 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлеріне арызданды. Арызда белгісіз біреудің оның үйінің ауласында тұрған ақ түсті DAEWOO ESPERO автокөлігін жасырын түрде ұрлап кеткені көрсетілген.
Жезқазған қаласының полиция басқармасының криминалды полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырды.Тергеу барысында камералардың жазбалары зерттеліп, 23-28 жас аралығындағы екі қала тұрғыны анықталды.
Автокөлік айғақ зат ретінде тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда. Полиция қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға және кез келген күдікті әрекет туралы дереу хабарлауға шақырады.