Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері ІІО ардагерін мерейтойымен құттықтады

Павлодар полицейлері ІІО ардагерін мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарының ардагерлерін өмірлеріндегі айтулы күндерімен құттықтау Павлодар қаласы ПБ оңтүстік полиция бөлімі басшылығының игі дәстүріне айналып үлгерді.

10-шы қазанда ішкі істер органдарының ардагері Ғабидолла Сарғазақов 65 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Ішкі істер органдарында 27 жылдан астам қызмет атқарып, 2007 жылы 48 жасында Павлодар қаласы ІІБ оңтүстік полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы қызметінен полиция майоры шенімен зейнеткерлікке шықты.

Павлодар қаласы ПБ оңтүстік ПБ бастығының орынбасары Рустам Серғазинов құттықтап сөз сөйледі. Туған күн иесіне денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тілеп, жылы лебіздер айтылды.

Сондай-ақ Павлодар қалалық ІІБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Азат Сейілханов, ардагерлер – отставкадағы полиция полковнигі Айдархан Айтбаев пен Ержан Зарыққановтың құттықтаулары тыңдалды.

Отставкадағы полиция майоры Ғабидолла Сарғазақовтың өмір жолы жас қызметкерлер үшін жанқиярлық қызметтің үлгісі.

– Бүгінде Павлодар қаласы ПБ оңтүстік ПБ жергілікті полиция қызметінде қызмет ететін көптеген учаскелік полиция инспекторлары өздерін оның шәкірттері санайды. Оны жоғары білікті маман ретінде де, елге лайықты азамат, ел патриоты ретінде де танимыз, – деп атап өтті Рустам Серғазинов.

Ғабидолла Сарғазақовтың еңбек жолы мен өмір жолы үлгі алуға тұрарлық. Оның кеудесін “Ішкі істер министрлігіндегі мінсіз қызметі үшін” 1,2,3 дәрежелі медальдары, “Облысқа сіңірген еңбегі үшін” төс белгісі, “Үздік полиция қызметкері”, “Өрт сөндіру үздігі” медальдары көмкеріп тұр.

Оның есімі еңбек жолындағы жетістіктері мен жоғары көрсеткіштері үшін Құрмет тақтасына енді. Бірнеше рет бағалы сыйлықтармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталған.

Осы жылдар ішінде жары Рысалды Бәшікенқызы әрқашан қасынан табылып, жолдасының қорғаны, тірегі болды. Ерлі-зайыптылар екі тамаша бала тәрбиелеп өсірді. Қазір олар немере сүйіп отыр. Биылғы қыркүйекте олардың шаңырақ көтергеніне 43 жыл толды.

Басшылық пен ардагерлер жаңа зейнеткерге құттықтау хаты мен сыйлық табыс етті. Өз кезегінде ардагер басшылық пен жеке құрамға, сондай-ақ ардагерлер кеңесіне жылы тілектері мен ілтипаттары үшін алғыс айтып, қызметте табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру