Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері жастармен кездесті

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №36 мекемесінің қызметкерлері шалғайдағы елді мекендерге барып, жастармен және олардың ата-аналарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №36 мекемесі қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына құқық қорғау органдарына кандидаттарды қабылдауды жүргізеді.

Мекеме қызметкерлері шалғайдағы елді мекендерге барып, жастармен және олардың ата-аналарымен кездесті.

Кездесуде офицер қызметкерлер Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке қабылдау туралы айтып берді, сондай-ақ жұмыстың артықшылықтарымен бөлісті. Тұрақты жалақы, зейнеткерлікке шығу шарттары, қызметкердің ауырған кезеңіне жалақы сақталады, қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қызмет өтілі кезінде қызметкерлерге бір жарым жылда бір жыл қызмет өтілі есептеледі.

Мұнан басқа, жыл қорытындысы бойынша ҚАЖД қызметкерлеріне ақшалай сыйлықақылар төленеді. Ал неке тіркелген, балалы болған жағдайда, сондай-ақ жақын туыстары қайтыс болған жағдайда материалдық көмек көрсетіледі.

– Болашағыңызды жоспарлау, сондай-ақ мамандық таңдау – болашаққа маңызды қадам. Ал кәсіптік бағдар беру жұмысы жастарға дұрыс таңдау жасауға көмектеседі, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары  А. Кошкинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру