Қарағандыда әйелдер колониясындағы жазғы спартакиада өз мәресіне жетті
Қарағанды және Ұлытау облыстьары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №32 мекемесінің әйелдер колониясында екі ай бойы жалғасқан жазғы спартакиада өз мәресіне жетіп, оның салтанатты жабылу рәсімі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы уақыт ішінде сотталған әйелдер спорттық жарыстарға белсенді қатысып, ұйымшылдықтарын, жеңіске деген жігерін және салауатты өмір салтын ұстануға деген ынталарын айқын көрсетті.
Іс-шараның құрметті қонағы, волейболдан спорт шеберлігіне кандидат Ксения Полякова жеңімпаздар мен жарыстарда белсенділік танытқан қатысушыларды грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар ол қатысушыларды спортпен тұрақты айналысуға, өз мүмкіндіктеріне сенуге және алға қойған мақсаттарына табандылықпен жетуге шақырып, жылы лебізі мен ақыл-кеңесін жеткізді.
Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар сотталғандарды түзеу және қайта әлеуметтендіру үдерісінде маңызды рөл атқарады. Олар тәртіпті нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ерік-жігерді шыңдап, өзара сыйластық пен командалық рухты дамытуға ықпал етеді.
Бүгінде жазғы спартакиада №32 мекемесінің игі дәстүріне айналып, сотталған әйелдер жыл сайын асыға күтетін маңызды спорттық шаралардың біріне айналған.
