Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында көлік нөмірінің әрпін өзгерткен фура жүргізушісі қамауға алынды

Жамбыл облыстық ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Меркі ауданы маңындағы тасжолда көлігінің нөмірін өзгертіп алған фура жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” профилактикалық іс-шарасы барысында “АвтоСканнар” мобильді кешенінің көмегімен, өтіп бара жатқан DAF жүк көлігінің мемлекеттік нөмірдегі бір әрпі басқа екенін анықтаған. Қырғыз Республикасының 33 жастағы тұрғыны бұл әрекетін жолда жылдамдықты асырғаны үшін бейнекамераларға түсіп қалмау мақсатында жасағанын мойындады.

Ер адамның Қырғызстаннан Ресейге Қытай автокөліктерін тасымалдаумен айналысатыны белгілі болды.

Меркі аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру