Елордадағы тергеу изоляторында ашық есік күні ұйымдастырылды
Елордадағы тергеу изоляторларында ашық есік күні ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қазанда Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты тергеу изоляторында әлеуметтік маңызды байланыстарды қолдау, құқықтық тәртіпті сақтауды ынталандыру және тәрбиелік жұмысты жетілдіру мақсатында ашық есік күні өткізілді.
Мекемеге шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандардың туысқандары да барды. Кейбіреулері Қазақстанның басқа өңірлерінен келген. Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Данияр Ахметов шара барысында сөзс сөйледі.
Сотталғандардың туыстары мекеме әкімшілігінің қызметкерлеріне кездесуге, әңгімелесуге, сондай-ақ өз туыстарының қауіпсіздігіне көз жеткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың туыстары мен мекеме әкімшілігі арасында сенімді қарым-қатынас орнату, сотталғандарға моральдық-психологиялық қолдау көрсету. Осындай іс-шаралар өткізу сотталғандардың түзелуіне, бостандыққа тезірек шығуға талпынуларына ықпал етеді.