Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Заңсыз келуші” ЖПІШ: Ақмола облысында полиция 100-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

“Заңсыз келуші – 2024” ЖПІШ барысында Ақмола облысының полицейлері 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қазаннан бастап өңір аумағында “Заңсыз келуші – 2024” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызмет көрсетілетін аумақта тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерін анықтау және жолын кесу. Осылайша, екі тәулік ішінде облыс полицейлері 101 шетелдік құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның 14-і сот шешімі бойынша елден шығарылды.

94-не қатысты Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді тартқаны үшін 10 азаматқа және келген шетелдіктер туралы ІІО-ны хабардар етпегені үшін 29 қабылдаушы тұлғаға қатысты шаралар қабылданды.

ЖПІШ барысында Ақмола полицейлері құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, шетелдік азаматтармен және жұмыс берушілермен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру