Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тағдырың өз қолыңда”: Атырауда нашақорлықтың алдын алу мақсатындағы көрме-байқау өтті

Атырау облысында “Тағдырың өз қолыңда” тақырыбында нашақорлықтың алдын алу мақсатындағы көрме-байқау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева, Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолтаңбалы сәндік өнер музейінде өткен “Тағдырың өз қолыңда” атты көрме-байқауында нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы кеңінен әңгімеледі.

Ол заманауи синтетикалық есірткінің таралу қаупін, қоғамға тигізетін зардаптарын және жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын қатысушыларға жан-жақты түсіндірді. Көрмеге қатысушыларға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасынан естелік сыйлықтар табысталды.

– Нашақорлық қазіргі заманның ең қауіпті тәуелділіктерінің бірі. Бұл дерт тек адам өміріне ғана емес, бүкіл қоғамға қатер төндіреді. Біздің басты міндетіміз – салауатты өмір салтын насихаттап, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ ұстау, – деді Марьяна Джангалиева.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру