Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында “Жас полицей” кадеттерінің ант беру рәсімі өтті

Жетісу облысында “Жас полицей” кадеттерінің ант беру рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысындағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейде ерекше әрі маңызды шара – “Жас полицей” кадет сыныбының ант қабылдау рәсімі өтті.

Бұл салтанатқа оқушылар, мұғалімдер және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Жас кадеттер өздерінің елге және қоғамға қызмет етуге дайын екендіктерін білдіре отырып, “Мен – Отанымның болашағымын” деген ұранды асқақтатты.

Салтанатты жиында полиция өкілдері сөз сөйлеп, жас кадеттерге сәттілік тіледі. Олар кадеттердің оқу жолында биік белестерді бағындырып, болашақта құқық қорғау саласында кәсіби шыңдарға жететініне сенім білдірді. Полиция қызметкерлерінің айтқан жылы лебіздері мен ақыл-кеңестері оқушыларды тәртіпке, еңбекқорлыққа және білімге деген ұмтылысқа жігерлендірді.

“Жас полицей” кадет сыныбының басты мақсаты – жастарды құқық қорғау органдарындағы қызметке дайындап, патриоттық рухты күшейту және елдің болашағы үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру