Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері Тараздағы студенттік жатақханаларды тексерді

Полиция қызметкерлері Тараздағы студенттік жатақханаларды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың бос уақытын бақылау мақсатында тәртіп сақшылары мүдделі ведомстволармен бірлесіп студенттік жатақханаларға тексеру жүргізді.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 28%-дан астам жағдайда кәмелетке толмағандар кешкі уақытта сағат 18:00-ден бастап қылмыс жасайды, дәл кешкі және түнгі уақытта кәмелетке толмағандар жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстардың 37%-дан астамы анықталып жатады.

Қылмыс жасаған жасөспірімдердің көпшілігі колледж студенттерінің қатарынан. Осыған байланысты студенттік жатақханаларда тұратын кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізу үшін полиция қызметкерлері олардың тұратын жері және бос уақытын қадағалады.

Өткізілген іс-шаралар барысында студенттердің өз бөлмелерінен кетпей «коменданттық сағатты» сақтауы бақылауға алынды. Жатақхана қызметкерлерінің студенттердің түнгі уақытта бақылаусыз кету, спирттік ішімдіктер, темекі өнімдерін пайдалану деректеріне жол бермеуіне ерекше назар аударылды.

-Заңды өкілдердің көпшілігі балаларын жатақханаға жібере отырып, олардың бос уақыты мен байланыстары туралы білмейді. Олардың жұмыстан қолы босамауы немесе басқа себептерге байланысты үнемі бақылау жасауға мүмкіндігі бола бермейді. Жасөспірімдерді кез келген заңсыз қол сұғушылықтан қорғау үшін аталған рейдтер облыстың барлық жатақханалары бойынша жалғасады, – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ кәмелетке толмағандар полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру