Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері бір тәулікте үш есірткі таратушыны ұстады

Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері қызмет барысында есірткі жасырушыларды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғашқы дерек 18 қазанда сағат 19:50 шамасында болды. Есіл ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде әскери жасақ ағаштың түбінде бір затты жасырып жатқан азаматты байқады.

Жасақ бастығы Сайыскелді Сайлауұлы және қатардағы жауынгерлер Темірлан Ағанкелдиев пен Еламан Әбүйір дереу мін-жайды анықтауға кірісті.

– Күдіктінің ағаш арасына белгісіз заттары бар бумалар жасырғаны анықталды. Біз оны ұстаған соң, сол аумаққа қосымша тексеру жүргіздік, – дейді әскери жасақ бастығы.

Ұсталған ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді. Тергеу жедел тобы күдіктінің жеке заттарын тінту кезінде өзіне тән иісі бар зат салынған 64 буманы тәркіледі.

Екінші оқиға Есіл ауданы көшелерінің бірінде болды. Әскери жасақ бастығы Еркебұлан Парымбеков және патрульші жауынгерлер Бекнұр Аяшев пен Құрбанәлі Наурызбай марихуанасы бар байлам тауып, іс кесу нәтижесінде тағы екі есірткі курьерін ұстады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру