Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы Алматы полициясының жеке құрамымен кездесті

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматы қаласы полициясының жеке құрамымен жедел кеңес өткізді. Онда тоғыз айдағы қызмет қорытындысы қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңесте министр қызмет бағыттары, оның ішінде мегаполистегі жедел жағдай мен “заң және тәртіп” қағидатын қамтамасыз ету бойынша бірқатар басшыны тыңдады. 

Ведомство басшысы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға мүлдем төзбеу бойынша полиция жұмысының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Жиын соңында министр бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру