СҚО-да жас тәртіп сақшыларына алғашқы қызметтік куәліктер табысталды
Солтүстік Қазақстан облысында полицияда қызметін бастаған 9 қызметкер алғаш рет ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атаулы оқиға ІІО ардагерлері мен қызметкерлердің ата-аналарының қатысуымен Қазақстан тәуелсіздігінің негізін қалаған ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында салтанатты түрде өтті.
СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов жас қызметкерлерге қызметтік куәліктерін табыстап, халық пен мемлекеттің игілігі үшін адал қызмет етуге шақырды.
Жас қызметкерлер Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының байланыс тобы мен арнайы техникасынан бастап, ғимараттарды қорғау бөлімшесіне дейінгі түрлі бөлімшелердің қатарын толықтырады. Сондай-ақь»102″ арнасының екі операторы мен кезекшінің көмекшісін жедел басқару орталығының кезекші бөлімі қабылдайтын болады.