Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 400-ден астам студент есірткіге қарсы акцияға қатысты

Жамбыл облысында 400-ден астам студент есірткіге қарсы акцияға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында полицейлер нашақорлыққа қарсы күрес бойынша тоқтаусыз ауқымды жұмыстар жүргізуде, ол тек дәрістер мен семинарлармен ғана шектелмейді. Студенттер мен оқушылар түрлі спорттық жарыстарға қатысып, бұқаралық спортқа атсалысуда.

ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы кезекті осындай іс-шараны Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы  №9 колледжінің 400 студентіне арнап өткізді.  

Ұйымдастырушылар қатарында “Елу жылда – Ел жаңа” қоғамдық бірлестігі мен Меркі жастар ресурстық орталығы да бар. 

Салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі заттарының зияны туралы дәрісті тыңдағаннан кейін оқушылар қызметтік-іздестіру иттерінің есірткіні тауып, командаларды орындағанын көрді.

Сондай-ақ осы күні 6 команда арасында спорттық жарыстар өтті.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Студенттер ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жағымды әсер ғана емес, жаңа білім алғандарын айтты. 

– Мұндай іс-шаралар оқушылармен байланыс орнатуға және олардың жалғыз емес екенін түсінуге көмектеседі. Біз әрқашан көмектесуге дайынбыз, сондықтан есірткінің таралуы туралы қандай да бір ақпаратты біліп, қауіпті сезінсе дереу бізге хабарлауды сұраймыз, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығының м.а. Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру