Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 6 сотталған жұмысқа орналасты

Ақтөбеде есептегі алты сотталған ақылы жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының ҚАЖ департаменті түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және қайта қылмыстың алдын алу үшін олардың жұмыспен қамтылуына аса мән беріп келеді. Осы орайда, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесінде екі сотталған азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп, жұмысқа орналасуларына ықпал етті.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында, оларды жұмыспен қамту мәселесі – барлық мекеме қызметкерлерінің алдында тұратын басты тапсырма.

– Сотталған азаматтардың жаза өтеу тәртібін бұзбай, жұмыстарын адал атқаратынына сенімдіміз, – деп атап өтті мекеме қызметкерлері.

Сонымен қатар жұмысқа орналасқаннан кейін, жұмыс орнынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, профилактикалық кездесулер тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру