Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 600-ге жуық борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды

Жамбыл облысында 600-ге жуық борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Жолдағы рейдтік іс-шаралар кезінде патрульдік полиция қызметкерлері тиісті мәліметтер базасы бойынша борышкерлердің машина нөмірлерін тексерді. Осы тізімде жүргізуші анықталған жағдайда, көлік құралы берешек қарызы төленгенге дейін айып тұрағына қойылды. 

Полиция қызметкерлері борышкерлердің 3422 мекенжайы бойынша аралап шықты. Сот орындаушыларының қаулылары бойынша арнайы айып тұрағына борышкерлердің 576 автокөлік құралы қойылды. 

Жалпы өндірілген сома 82 миллион 790 мың теңгені құрады.

Жамбыл облысының полиция департаменті әкімшілік айыппұлды жеті тәулік ішінде көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде төлеуге болатынын еске салады.

Айыппұлдарды egov.kz және qamqor.gov.kz, электронды үкімет порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ олардың мобильді қосымшалары арқылы тексеріп, төлеуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру