Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер грепплингтен жеңімпаз атанды

Павлодар облысында полиция департаментінің қызметкерлері ел абыройын асқақтатып, грэпплинг спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті құрылымында спорт кәсіптік даярлықтың маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады, және бұл департамент қызметкерлерінің жедел-қызметтік міндеттерін орындауда да үлкен рөл атқарады.

Полицейлер халықаралық және республикалық жарыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Осы жолы Павлодар облысының өкілдері Қостанай қаласында өткен AIGA нұсқасы бойынша грэпплинг чемпионатында жеңіске жетті. Чемпионатқа Қазақстанның әр облысынан жиналған тәжірибелі спортшылар әртүрлі жас және салмақ категорияларында өз өнерлерін көрсетті.

Ертіс өңірі полицейлерінің спорттық жетістіктерінің қатарына Максим Басов пен Рустам Күзембаевтың табыстары қосылды. Облыстық ПД жедел әрекет ету жасағының қызметкері Рустам Күзембаев қарсыластарын тізе бүктіріп, 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды, ал Максим Басов 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынға тұрақтады.

– Бұл жарыстарда спорттық қабілетті толықтай көрсету қажет болды. Спортпен тұрақты шұғылдану өзін-өзі ұстауға мүмкіндік береді, ал осындай жарыстарға қатысу қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауға үлкен ынта сыйлайды. Алдымызда Абу-Дабидегі әлем чемпионаты тұр, – деп атап өтті құқық қорғау органдары өкілдері.

Чемпионат жеңімпаздары медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Департамент басшылығы қызметкерлерінің жоғары спорттық жетістіктерін құптай отырып, олардың салауатты өмір салты идеяларын ілгерілетуіне ықпал етіп, өзін-өзі дамытуға деген ынталарын қолдайды. Құқық қорғау органдарының осындай жетістіктері – қоғамдағы полиция қызметінің беделін арттырудың маңызды көрсеткіші.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру