Алматыда полиция арнайы техникалардың қыс маусымына дайындығын тексерді
Алматыда полиция арнайы техникалардың қыс маусымына дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полиция қызметкерлері қала тазалығына жауапты мекемелердің арнайы техникалық құралдарының қыс мезгіліне дайындығын тексерді.
– Біздің басқарма қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД өкілдерімен бірлесе отырып жауапты мекемелердің қыс мезгіліндегі көше тазалығына байланысты арнайы техникаларымен жабдықтарын тексерді. Қазіргі таңда “Алматы тазалық” мекемесі тексерілді. Аталған мекеменің 600-ден астам арнайы техникасы бар. Тексеру барысында өндірістік базалардың жабдықтары және мекеме қызметкерлерінің тазалық жұмыстарын үйлесімді ұйымдастыруы басты назарда болды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Жыл сайынғы мұндай тексерулердің басты мақсаты – қолайсыз ауа райы кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтарға қолайлы жағдай жасау.