Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер заңсыз жалға берілген 300-ге жуық пәтерді анықтады

Ақтөбе облысында полицейлер заңсыз жалға берілген 300-ге жуық пәтерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, оның ішінде Ақтөбе облысының аумағында азаматтармен тығыз сенімгерлік қатынастар орнату мақсатында 16 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараны өткізу барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік учаскелерінде визиттік карточкаларын бере отырып, үйлерді, пәтерлерді, сондай-ақ аулаларды аралайды және тұрғын үйлердің кіреберістерінде, дүкендерде, мемлекеттік мекемелер мен ойын-сауық мекемелерінің ғимараттарында (мейрамханалар, кафелер, барлар, клубтар), сондай-ақ тұрғындарға ақпарат береді.

Аталған іс-шара барысында салық органдарында тіркеусіз жалға берілген 282 пәтер анықталды. Барлық факті бойынша салық басқармасына хабарламалар жолданды.

Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылықтың өкілдерін тарта отырып, мәселелерді зерделеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру