Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер қала тұрғынынан алтын сырғасын тартып алған күдіктіні ұстады

Қарағандыда полицейлер қала тұрғынынан алтын сырғасын тартып алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері тонау жасады деген күдікпен 31 жастағы азаматты ұстады. Күдікті қала көшелерінің бірінде 57 жастағы азаматшаға шабуыл жасап, құлағынан алтын сырғасын шешіп әкеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 177 мыңды құраған.

Күдікті жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру