Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады

Астанада полиция қызметкерлері “Anti-Fraud” ЖПІШ кезінде бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында күдіктінің ғаламтор желісінде қаражатты көбейту және ұтыс туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.

Алдау схемасы келесідей болған: пайдаланушы ұтыс бетіне өтеді, ол жерде сілтемені басады, осылайша хат алмасу кезінде жәбірленушіден қаражат жіберу сұралады, кейіннен оның ақшасы көбейетіні айтылады. Қаражатты алғаннан кейін алаяқ жәбірленушіні бұғаттайды.

Алаяқтың құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші полицияға бірден хабарласқан.

“Anti-Fraud” ЖПІШ барысында Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері ғаламтор желісі арқылы алаяқтық жолмен мүлікті иемденіп алған 18 жастағы күдіктіні анықтады. Жас жігіт өз кінәсін толық мойындады.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оның осыған ұқсас 8 қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Полиция қызметкерлері сақ болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру