Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде Студенттер күні қарсаңында 200-ге жуық есірткі жарнамасы жойылды

Ақтөбеде Студенттер күні қарсаңында 200-ге жуық есірткі жарнамасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне байланысты Ақтөбеде “Нашақорлыққа жол жоқ” акциясы өткізілді. Жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен және полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген шаралар 150-ден астам жастың басын қосты.

“Нашақорлыққа жол жоқ” акциясына жоғары және арнаулы оқу орнының студенттері, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, олар полиция қызметкерлерімен бірге Ақтөбе қаласында ғимараттарға жазылған есірткі жарнамаларын өшірді.

Салауатты өмір салтын насихаттау, қоғам кеселінің жолын кесу мақсатында өткізілген шаралар барысында полиция қызметкерлері жастарға қоғам дертіне айналып отырған есірткінің алдын алу туралы айтып, жаман әдеттер мен жағымсыз қылықтардан аулақ болуға, биік мақсаттарға ұмтылуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру