Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ПД бастығы саптық жиын өткізді

Түркістан облысында ПД бастығы саптық жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов жеке құрамның қысқы маусымға дайындығы мен автокөліктердің даярлығын тексеру мақсатында гарнизондық саптық байқау өткізді. Жиынға полиция департаментінің басшылығы мен аппарат қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полицейлер, сондай-ақ ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты.

– Жеке құрамның қыстық киім үлгісіне өтуі аясында полицияның кешенді күштерінің жалпы гарнизондық саптық жиынын өткізіп отырмыз. Полиция – халықпен күнделікті тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаратын болғандықтан, олардың сыртқы келбеті мен нысандық киім кию үлгісі талапқа сай болуы қажет, – деп атап өтті М.Қабденов.

Одан әрі тәртіп сақшыларының сыртқы бейнесі мен саптық жарғы ережелерін меңгеруін қадағалады. Қызметтік автокөліктердегі құтқаруға арналған құрал-жабдықтардың түгел болуын ескертіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті басшыларға тапсырма берді.

Сонымен қатар полицейлердің құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол қауіпсіздігін нығайтуға, оның ішінде жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараларға назар аударуын міндеттеді. Саптық байқау аяқталған соң, полицейлер салтанатты шеруден өтіп, күнделікті міндеттерін орындауға кірісті. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру