Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция қызметкерлерінің саптық байқауы өткізілді

Қонаев қаласының орталық алаңында Алматы облысы полиция қызметкерлерінің гарнизондық таралуы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға полиция департаментінің бастығы жеке өзі қатысып, саптық байқау өткізді. Қызметкерлердің сыртқы келбеті мен дайындығы бағаланып, сондай-ақ нұсқаулы сөз айтылды.

Департамент басшысы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі кәсібиліктің және жауапкершіліктің, әсіресе ауа райының қиын жағдайында полицейлердің халыққа көмек қолын созыудағы маңызды рөлін атап өтті. Қыс мезгілі қызметкерлерден жоғары дайындықты ғана емес, сонымен қатар штаттан тыс жағдайларға жедел ден қоюды талап ететінін тілге тиек етті.

– Полиция – бұл күш қана емес, сонымен қатар ұйымшылдық пен адалдықтың үлгісі. Сіздердің әрқайсыларыңыз азаматтардың сенімін ақтап және жұмыстарыңыз олардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінің ұмытпаңыздар, – деді ПД бастығы.

Жеке құрамның сыртқы киімін, жабдықтар мен қызметтік көліктің дайындығын тексеруге ерекше назар аударылды. Бас полицей дәл осындай іс-шаралар ықтимал кемшіліктерді анықтауға және жоюға, сондай-ақ қызметкерлер арасындағы жауапкершілік деңгейін арттыруға көмектесетінін айтты.  Елді мекендерде патрулдеуді күшейту, учаскелерде тәртіпті қамтамасыз ету және қысқы ауа райынан туындаған төтенше жағдайларға жедел ден қою жөнінде қосымша нұсқаулар берілді.

Сондай-ақ полицейлер азаматтармен өзара іс-қимыл бойынша, әсіресе қыс мезгілінде өтініштер санының өсуіне байланысты ұсыныстар алды. Халықтың қажеттіліктеріне назар аудару және олардың мәселелерін жедел шешу құқық қорғау органдары үшін басымды болып қала беретіні атап өтілді. Гарнизон таралуы салтанатты шерумен аяқталды, онда қызметкерлер жоғары саптық дайындықтарын көрсетті.

Іс-шара Алматы облысы полициясының қызметтік міндеттерді орындауға және кез келген жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығының символына айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру