Павлодар облысында есептегі сотталған 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды
Павлодар облысында пробация қызметінің есебінде тұрған азамат 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аксу пробация қызметінің есебінде тұрған азамат өз туған қаласында көшелерді тазалау арқылы қоғамдық жұмыстарды атқарып жүр.
Алкоголь ішіп отырып, танысына орташа ауырлықтағы дене жарақатын салғаны үшін сот оны кінәлі деп танып, 300 сағат міндетті қоғамдық жұмыстар тағайындады. Қазіргі уақытта ол қала әкімдігі белгілеген орындарда, күніне төрт сағат жұмыс істеп, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оның айтуынша, ол өз кінәсін түсініп, түзелуге бел байлады және болашақта осындай жағдайларды болдырмауға уәде етті.