Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ПД бастығы учаскелік инспекторлармен кездесті

Абай облысының ПД бастығы учаскелік инспекторлармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінде жұмыс кездесуі өтіп, оған департамент бастығы Сұлтан Бектөре, сондай-ақ учаскелік инспекторлар, жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция қызметкерлері және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторлары қатысты.

Кездесу барысында учаскелік инспекторлар қызметінің тиімділігін арттыру, жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция және әйелдерді қорғау бөлімшелерінің жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды. Бұл қызметтердің жұмысын ұйымдастыруды жақсарту, профилактикалық шараларды күшейту және жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді оңтайландыру бойынша ұсыныстар тыңдалды.

Айрықша назар жасөспірімдер мен зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелеріне, сондай-ақ осы бағыттарда инспекторлардың жұмыс тиімділігіне аударылды.

Сонымен қатар, жиынға Абай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ернар Базаров қатысты. Ол құқық қорғау органдарының жұмысын үнемі жетілдірудің маңыздылығын, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғаудағы рөлін атап өтті.

Кездесудің соңында Бектөре Жеңісбайұлы бөлімшелер арасындағы өзара әрекеттестікті жақсарту және азаматтардың құқықтарын қорғау, әсіресе әйелдер мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру туралы тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру