Астанада полиция дүкендердің бірінен ұрлық жасаған күдіктіні анықтады
Астанада полиция дүкендердің бірінен ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада полицияға дүкен иесі қымбат брендты алкогольдік ішімдік ұрланғаны жөнінде арыз түсірген.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері камера жазбаларын зерделеп, алкогольдік ішімдікті ұрлады деген күдікпен 34 жастағы азаматты анықтады.
Күдіктінің дүкенге сатып алушы ретінде келіп, қымбат вискиді күртесіне тығып жасырын ұрлағаны анықталған. Осылайша дүкенге шамамен 60 мың теңгедей шығын келтірді.
Айыптаумен әшкереленген адам қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті бұрын сотталған, ол ұрланған өнімді сатып жіберген.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.