Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары Астанада тұрғын үйден кабель ұрлаған адамды ұстады

Тәртіп сақшылары Астанада элиталы тұрғын үйден кабель ұрлаған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалалық полицейлер Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп кабель ұрлығын әшкереледі.
Полицейлер елорданың элиталы тұрғын үйлерінің бірінің автотұрағынан кабель ұрлаған адамды анықтады.

Күдікті 25 жастағы азамат, сол тұрғын үйде электр жөндеуші болып жұмыс істеген. Жұмыс істеп жүрген кезінде тұрғын үйдің автотұрағынан резервті кабельді ұрлап, генератор қосып отырған. Кейін электр энергиясын қайта қосып отырған.

Қылмыскер ұрланған затты сатып жіберген.
Осылайша, тұрғын үйге 180 млн теңгедей материалдық шығын әкелді.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша қамауға ұстау изоляторына орналастырды.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру