Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда колонияға тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеті тоқтатылды

Павлодарда колонияға тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеті тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№45 мекеме қызметкерлері мен 6679 әскери бөлімнің кезекші қарауылымен бірлесіп жүргізген тексеріс кезінде КАМАЗ көлігінің жүксалғышынан тыйым салынған зат табылып, тәркіленді.

Құрылыс материалдарын тиеу үшін мекемеге кірмек болған КАМАЗ көлігінің жүргізушісі Т. азаматымен бірге TEXET-130 телефондары мен зарядтау құрылғыларының USB кабельдерін алып өтпек болған. Тыйым салынған заттарды КАМАЗ көлігінің жүксалғышында жасырған.

Мекеме қызметкерлері үнемі сотталғандар мен олардың кездесуге келетін туыстарымен алдын алу әңгімелері жүргізіп, мекемеге әкелуге болмайтын заттарды түсіндіреді және не тапсыру қажет екенін немесе үйде қалдыру керек екенін хабарлайды. Алайда, сотталушылардың туыстары мен таныстары әртүрлі нәрсені ойлап табу арқылы осы тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттерінен бас тартпайды.

Бұл факт бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалып, Павлодар қаласының әкімшілік сотына әкімшілік материал дайындалып, шешім шығару үшін жіберілуде.
Мекеме бастығы Саян Рахметжанов атап өткендей, тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті түзету мекемесінің қызметкерлері мен 6679 Ұлттық гвардия әскери қызметшілерінің сақтығының арқасында алдын алынды.

Айта кету керек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, мұндай құқық бұзушылық ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлмен жазаланады, сонымен бірге құқық бұзушылық құралы немесе заттың тәркіленуі қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру