Павлодар облысында пробациялық бақылауда тұрған азаматтармен профилактикалық кездесу өткізілді
Павлодар облысында пробациялық бақылауда тұрған азаматтармен профилактикалық кездесу өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында “Ғабдул-Уахит” мешітінің бас имамы Тлекжан Темірбаев және Аққулы ауданы пробация қызметінің аға инспекторы Данияр Хамидуллин қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, рухани-адамгершілік тәрбие, құқықтық және діни сауаттылықты арттыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар деструктивті діни ағымдарға тартылудың алдын алу, заң талаптары мен қоғамдық нормаларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай кездесулер пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға қажетті профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.
