Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда дрон көмегімен абаттандыру қағидаларын бұзудың 97 дерегі анықталды

Атырауда "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында қала аумағында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейд барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық орындардың тазалығы, тұрмыстық қалдықтардың белгіленбеген орындарға тасталуы, қоршаған ортаның ластануы және абаттандыру талаптарының сақталуы назарға алынды.

Жыл басынан бері дронның көмегімен қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзудың 97 дерегі анықталды. Анықталған фактілер бойынша құқық бұзушыларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және қала аумағының тазалығын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру